Екі мысал
Екі мысал

Мотивация жайлы: балалар кім үшін ойнайды?

Бір топ бала, күнде бір қарттың есігінің алдында асыр салып ойнап жүреді. Неше күн өтті, қарт олардың шуылына одан әрі шыдар емес.

Сомен, ол шығып әр балаға 50 теңгеден берді, оларға: сендер бұл жерді қыздырып жібердіңдер, мен де өзімді жасарып қалғандай сезініп тұрмын, бұл ақша сендерге деген алғысым болсын.

Балалар мәз-майрам, екінші күні тағы келіп әдеттегідей асыр салып ойнады. Қарт тағы шығып, әр балаға 25 теңгеден берді. Ол өзінің табысы жоғын, сондықтан азырақ беруге тура келгенін түсіндірді. 25 теңге де болады деп балалар тағы қуанып қайтты.

Үшінші күні, қарт әр балаға тек 5 теңгеден берді.

Балалар: бір күнге әрең 5 теңге ма, біздің қалай шаршайтынымызды білесіз бе?- деп қатты ашуланып және енді қайтып қарт үшін ойнамайтынын, бұл маңға келмейтінін кесіп айтып кетті.

 

***

Мысалда қарттың амалы өте қарапайым, ол балалардың “өз көңілін көтеру үшін ойнау” деген ішкі мотивациясын “теңге алу үшін ойнау” деген сыртқы мотивацияға өзгертті. Ал ол “теңге” деген сыртқы факторды(ықпалды) басқарып тұр, сондықтан балалардың әрекетін де басқара алды.

Егер сыртқы бағалауларды өзімізды бағамдайтын баған ретінде қарастырсақ, біздің көңіл-күйіміз оңай толқуларға ұшырайды. Себебі сыртқы факторды біз басқара алмаймыз, ол біздің ішкі аңсарымыздан оңай ауытқып, бізді налытып, ренжітіп, ішімізді шағым, наразылыққа толтырады.

Сыртқы бағалау жүйесін бұзу үшін, қазірден бастап өзіңнің ішкі бағалау жүйеңді қалыптастырып, жұмыс және оқуды “өзің үшін ойнауға” алмастыру керек.

 

 

 

Жоспар жайлы: бір қағазды 51 рет бүктеу

Ойланыңыз, қолыңызда көлемі жеткілікті үлкееен ақ қағаз бар. Сізге берілер тапсырма, оны 51 рет бүктеу. Онда оның биіктігі қанша болмақ?

Бір тоңазытқыштай? Бір ғимараттай? Көк тіреген биік қабаттай? Жоқ, одан әлде қайда көп, ол қалыңдық(биіктік) Жер мен Күннің ара қашықтығынан да асып түседі.

 

***

51 рет бүктеудің биіктігі осыншама таң қалдырса, 51 бет қағазды жай үсті-үстіне қабаттап жинаса ше?

Бұл сылыстыру көп адамдарды селт еткізген. Себебі бағыт жоқ, жоспар жоқ өмір - жай қабатталып қойылған 51 бет қағаз сияқты. Бүгін мынаны істеп көріп, ертең ананы істеп көріп, әр талпыныстың арасында еш байланыс жоқ. Осылай жүре бере, әр жұмыс тиянақты болса да, ол өмірің үшін жай қабаттап жинау болмақ.

Әрине адам өмірі бұл мысалдан әлде қайда күрделі. Кей адамдар, өміріне қарапайым бір бағыт таңдап табандылықпен жүре беріп, соңында басқалар жете алмас биіктерге көтерілген.

 

http://www.douban.com/group/topic/26738086/

Ішкі әлде сыртқы мотивациямыз мотиваторлардың ең кереметі "Алла разылығы үшін" болсын. Алла ниетімізді түзу, бағытымызды айқын еткей.

Aishynar  ShomishbaiAishynar Shomishbai
2 жыл бұрын 744
0 пікір