Іштегі нәрестенің алаңдауы
Іштегі нәрестенің алаңдауы

Жүкті ана ұзаққа созылған 300 неше күнге шыдап, босанатын күніне де таяп қалды. Іштегі нәрестенің барлық мүшелері жетілген, ойлай алады, сөйлегісі келеді, сезіне біледі.

 

Нәресте Алладан: Ия, Ұлы Аллаһ! Маған өмірді және өсіп жетілетін қабілет силағаныңды білемін. Бірақ мен әлі әрі кішкентай әрі әлсізбін. Сыртқа шыққанда қалай өмір сүрмекпін? Бұл жер менің жаннатым , мен ішіп, жеу, ойнаудан басқа ештеңе білмеймін.

Аллаһ оған: Алаңсыз бара бер. Сені жаңа дүниеде қарсы алатын бір періште жіберемін. Сен мол мейірімге және мұқият қамқорлыққа ие болып, бақытты өмір сүресің.

 

Нәресте: Мен олардың сөйлегенін естігенмін, бірақ бір сөзін де түсінбедім, не істеймін?

Аллаһ оған: Уайымдама, періштең сенің бірінші ұстазың болады. Саған сөйлеуді үйретеді, білімді және әдепті үйретеді. Періште күнде саған көп әңгіме айтып беріп, қалай адам болу керегін үйретеді.

 

Нәресте: Ол жақта бәрі жақсы адам бола бермейді дейді. Жаман адамдарды кездестірсем не істеймін?

Аллаһ: Алаңсыз бол, сені қорғайтын періште әрдайым қасыңда болады. Қажетіңді өтейді. Тіпті өз жанын қиюға да бар.

 

Нәресте: Маған ең жақсы қарайтын сенсің, сыртқа шыққан соң сені сағынсам, сені көре аламын ба?

Аллаһ: дәл қазіргідей, мен сенен алыста болмаймын. Сен үлкейгенде, сені қорғайтын періштең маған қалай жақындауды, қиыншылықта дұға жасауды, іштегі сырыңды маған айтуды үйретеді. Ақылды бала, мені ұмытпа, мен әрқашан сенімен біргемін.

 

Сөз арасында, нәресе сырттағы гүбір-дүбірдің көбейіп кеткенін естіп, жарық дүниеге келетін уақытының жақындағанын сезді. Ол сасқалақтап асыға Аллаһтан соңғы сұрағын сұрады: Маған тез айтып беріңіз, мені қорғайтын періштенің аты кім? Мен оны қайдан табамын?

Аллаһ: Оны АНА деп атайсың, ол сенің қасыңда.

http://www.norislam.com/?viewnews-16180

Aishynar  ShomishbaiAishynar Shomishbai
2 жыл бұрын 775
2 пікір