Жердегі көрінісі
Жердегі көрінісі

Бір мүмин жорыққа шыққан қатарластарын қуып жетемін деген жолында адасып, бір тауға келеді. Таудың үстінде бір топ христандардың тұрғанын, алдарындағы бір орындықты жағалап тұрғанын көреді. Не болып жатыр екен деген оймен барып олардан жағдайларын сұрайды. Ішінде біреуі: - Бір поп бар, ол жыл сайын осы күні келіп, көпшілікке дін уағыздайды - дейді. Тағы не болар екен деген оймен, мүмин сол жердегі адамдармен бірдей киім киіп алып, попты күтеді.

Көп болмай, поп келеді. Жай басып орындыққа отырып, маңайындағы көп адамдарға көз салып: - Көпшілік, бүгін мен сіздерге дін уағыздау үшін келмедім, себебі араларыңда Мұхаммедтің дінінен біреу бар - деді де жалғастырып: - Құрметті Мұхаммад, сенің дінің тура қатесіз екеніне ант етемін. Өкініштісі біз сенің нұрлы жүзіңді көріп, өз аузыңнан насихат тыңдай алмаймыз.

Мүмин бұл сөзді естіп, орнынан атып тұрып, поптың қасына барды. Поп: - Қателеспесем, сен сол Мұхаммедтің дініндегі адам боларсың?! Бірақ менде бірнеше сұрақтар бар, сенен сұрасам деймін. Естісем Жәннәтта неше түрлі дәмді жемістер бар дейді, олардың осы дүниеде ұқсасы бар ма?

Мүмин: - Бар. Бірақ тек атаулары мен түр-түстері бірдей, ал дәмі нәрі мүлдем басқаша.

Поп: - Жәннәтта төрт өзен бар дейді. Бір бастаудан ағып жатса да, дәмдері әр басқа. Мұндай ғажайыпты бұл дүниеден табуға бола ма?

Мүмин: - Әрине. Ойлап қараңыз. Құлақтан шыққан құлық кермек; көзден аққан жас тұзды; мұрыннан аққан сасық; ауыздан аққан сілекей тұщы. Мұның бәрі бастан шығып жатыр.

Поп: - Жәннәтта бір төсек бар дейді. Жәннәттықтар егер оның үстіне отырғысы не жатып демалғысы келсе төсек төмен түсіп, Жәннәттықтың пайдалануында болады дейді. Мұндай жағдайды бұл дүниеден байқауға бола ма?

Мүмин: - Болады. Түйені есіңізге алсаңыз болғаны.

Поп: - Жәннәттықтар ішеді, жейді, бірақ нәжіс шығармайды. Дүниеде бұған мысал бар ма?

Мүмин: - Әрине. Ана құрсағындағы нәресте. Ол бір зат жегісі келгенде Алла оның бұл тілегін анасына жеткізеді, қайта анасының жеген тағамы арқылы нәрестеге қорек жеткізеді. Бірақ іштегі нәресте де нәжіс шығармайды. Мүмин айтып болып, попқа: - Рұқсат етсеңіз, мырза сізден бір сұрақ сұрасам, Жәннәттың кілті не?

Поп орнынан тұрып, адамдарға тебірене: - Халайық. Жаңа мына мырза менен Жәннәттың кілті не деп сұрады? Мен қасиетті кітапта не көргенмін, Жәннәттың кілті ол - Ла илаһә иллалаһ Мұхаммәдур расулұллаһ (Алладан басқа ешбір тәңір жоқ, Мұхаммед (с.ғ.с.) - Алланың елшісі).

Поп өзінің Ислам дініне кіргенін жариялады. Сол жердегі көп адамдар да оған ілесіп, дін Исламды қабылдады.

http://www.muslimwww.com/html/2013/xinyang_0802/18117.html

Aishynar  ShomishbaiAishynar Shomishbai
2 года назад 746
5 комментариев
  • естігенім: мына дүниеде азықтың төрт рационы бар. Олар: жерден өнетіндер (күріш, астық, көкөніс, жеміс, т.б.), су, сүт және ет. Адл жәннатты сегіз рацион болады дейді. Сол рас па?
    2 года назад
  • Жақсы ғибратты оқиға екен.
    2 года назад
  • Бұл жердегі мү'мин кісі - Баязид Бистами, қателеспесем.
    2 года назад
  • тағы бір естігенім: адамның тақуалығына байланысты жәннаттың түрлі қабатынан орын алады, десе де, жәннаттың бір қабатына кіретіндердің өзі тақуалығына байланысты алатын ләззаттары бөлек болады дейді, мысалы, жәннаттың бір қабатында екі адам да алма жеді делік, алайда, екеуінің алатын ләззаты бөлек болады екен тақуалығына, дәрежесіне байланысты
    2 года назад
  • мына дүниеде жеген асымыздың ләззатын тек ауызбен ғана сезетін болсақ, жәннатта бүкіл тұла бойымызбен, яғни, бақайшағымызға дейін сезінеді екннбіз
    2 года назад