Ол маған сәлем берді
Ол маған сәлем берді

Хижаб кимеген кез.

Көшеде қарсы алдымда келе жатқан хижабтағы қызға енді сәлем берейін дегенде жүзін менен басқа жаққа бұрып кететін. Бір біріне күлімсіреп сәлемдесіп кетіп бара жатқан қыздарға қатты қызығатынмын. Бұл да бір бақытқой деймін, бірақ нақты түсіндіре алмаймын.

 

Шүкір Алла хижаб кидім.

Анаммен бір сауда орталығында жүргенбіз. Алдыңғы жақтан хижабтағы қыз келе жатты, сәлемімді ала мекен, сәлем берсем ба деп ойланып болғанымша, ол күлімсіреп Ассаламуалейкум деді, Уаалейкумасслам деп сәлеміне жауап бергенімде көзіме еріксіз жас толды. Ол маған сәлем берді, бұл бақытқой, жүрекке жылу силар зор бақыт, ия, кезінде мәнісін түсінбеген бақыт. Мүлдем бейтаныс адам сәлем беріп, саған Алланың сәлемі болсын деп жатыр, бір көрген бейтаныс адамның саған жасай алатын бұдан асқан ізгі тілегі немесе дұғасы бола ма? Шүкір Алла бұл бақытқа жеткізгеніңе.

 

Жұмысқа орналасарда.

Резьюмемді жіберген жер жұмысқа келіп кетуді, жүзбе жүз қойылатын сұрақтар барын, содан кейін жұмысқа қабылдау қабылдамау жайлы шешетінін айтып қоңырау шалды. Мен қазір хижаб киетімді, ол электронды резюмеде сурет жоқ болғандықтан көрсетілмегенін айттым (кейін ойласам өзімде де сенімсіздік болған екен).  Қарсы жақ сәл ойланып, сонда да бір келіп кетсеңіз деді. Қасымда әкем де, анам да отырған. Анам алаңдауын білдірді, қабылдай қоймас деп; әкем отыр, алмаса қойсын, басқа да жұмыс табылар деп.

Не керек, ертесі жолға шықтым, өзімнің сенімсіздігіме, үйдегілердің күдігін қосып, қөңілсіз кетіп барам. Таксидің алдыңғы жағында отырмын, көлік жүргіншілер жолағына тоқтады. Хижабтағы қыз өтіп барады, көлік ішіндегі маған бас изеп сәлем берді, мен де сәлем қайтардым. Осыдан кейін-ақ жадырап сала бердім. Сол қызды жолықтырған, бір сәлемімен сенімсіздігім мен күдіктерімнің бәрін шайып, орнына сенім, қуаныш және мейірім ұялатқан Аллаға сансыз шүкірімді айтып сеніммен алға жылжи бердім.

Aishynar  ShomishbaiAishynar Shomishbai
1 год назад 818
2 комментария