Екі ағаш, қайсысын кесесіз?
Қарт профессор: - Тауға шығып ағаш кеспекші болдың, алдыңнан екі ағаш кездесті, біреуі жуан, енді бірі жіңішке, қайсысын кесесің? Сұрақ қойлысымен көпшілік жапа тармағай: - Әрине жауанын, - деп жауап берді. Профессор жымиып: - Жуаны қарапайым терек, ал жіңішкесі қызыл қарағай, енді қайсысын кесесіңдер? Қызыл қарағайдың бағалы екенін ойлаған біз: - Әрине қызыл қарағай, терек ақшаға жарамайды - дедік. Профессор сол мейірімді жүзінен жазбай: - Терек тіп-тік өскен, ал қызыл қарағай қисық-қисық. Қайсысын кесесіңдер? Біз түсінбей, күмәнмен: - Егер ондай болса, онда терек кесеміз. Қызыл қарағай...