Дұғаның кереметі
Дұғаның кереметі

Сағид Индияның ең мықты балалар дәрігері, рак ауруына шалдыққан балаларды емдейді. Жұмысының шебері, өз мамандығы бойынша дүниедегі озық техникаларды меңгергіп, көптеген диссертацияларын жариялаған. Ол астанада болатын «Ғылыми жетістіктер және марапаттау» жиынына шақыртылды. Оның тұратын қаласы астанадан алыс болмаса да, уақытты үнемдеу үшін ұшаққа отырды. Бірақ ұшақ ұшқанына енді он неше минут болғанда, капитан жолаушыларға механикалық ақау байқалғанын, амандық үшін, ұшып шыққан аэропортқа қайта қайтатынын хабарлады.

Ұшақ қайтып қонған соң, Сағид анықтама орталығына жүгірді, өзінің жағдайын түсіндіріп, басқа астанаға баратын ұшақтың бар жоғын сұрастырды. Қызметшілер сол күнгі кестені қарап, қазір басқа ұшақ жоғын, келесісі 10 сағаттан кейін ұшатынын айтты. Одан да бір машина жалдап алып барсаңыз, 4 сағатта жетесіз деп кеңес берді.

Бұл да тиімді екен, сәтті болса жиынға уағында қатыса алады. Содан машина жалдап алып, оны жүргізіп жол ортаға келгенде, күн күркіреп, найзағай жарқырап, жауын жауа бастады. Жолды білмегендіктен, бір қиылыстан басқа бағытқа кетіп қалып, адасты, өз жолынан алыстай берді. Бұл кез өзі де жаурай бастады, қарыны да аш, дауылға қарсы бұдан әрі жүре алар емес. Содан болмашы жарығы көрінген бір үйдің ауласына машинасын тоқтатып, шелектеп құйған жаңбырдың астында есік қағып жәрдем сұрады.

Есікті ашқан белі бүкірейген қарт әйел. Дәрігер оған бұл жауында еріксіз келіп көмек сұрағанын айтып, үйіме телефонмен хабарласып алсам бола ма деп рұқсат сұрады. Қарт әйел өзінің әлеуметтік жағдайының төмен екенін, телефонды қойып, электр токтың өзі жоғын айтты. Мейірімді қарт, оның үйге кіріп, ыстық шәй ішіп жылынып алуына болатынын айтты. Бұдан басқа таңдау жоқ. Үйге кірген соң, қарт майшам жарығымен қонаққа ыстық шәй мен дастархан дайындап берді.

Дәрігер өзі жалғыз ішіп жеп отыр, қарт әйел ішкі бөлмеге кіріп кетті, майшамның болымсыз жарығының астында жерде тізерлеп дұға жасауда, қасында бір баланың ағаш төсегі тұр, кейде төсекті тербетіп, баланы уатып қояды. Біраз уақыт өткен соң, қарт шығып қонағын күтті. Дәрігер одан бұл үйде екеуіңізден басқа ешкім тұрмай ма, түн ортасында дұға жасауыңыз неден деп сұрады.

Қарт ештеңе жасырмастан жағдайларын айтып берді. Ағаш төсектегі бала немересі екен, баласы мен келіні аз уақыт бұрын машина шырғалаңынан бақилық болыпты, арттарында мына ауру балалары қалған. Төңіректегі емхананың бәріне барған, бала рак ауруына шалдыққан, бұл жерде оны емдейтін медициналық шарт жағдай жоқ, тек алыстау жерде бір үлкен емханада Сағид деген балалар дәрігеріне көрсетсе ғана аман алып қалуы мүмкін. Қарт: мен кәртейдім, басқа арман тілегім жоқ, күнде Алладан бір кереметі арқылы немеремді құтқаруын тілеймін, содан бағып өсірсем, бақилық болған ата-анасының аманатын орындаған болармын.-деді.

Сағид дәрігер естіп отырып көз жасына ерік берді, дауыстап Алланы Ұлықтады, Пәктеді: СубханАллаһ, барша мақтау Ұлы Аллаға тән.

Алла оған көптеген қарапайым адамдарға бұйырмаған орайларды берді, маман болды, медицина саласында аты шықты, көп рет ғылыми марапаттарға ие болды, бүгін тап болған нешетүрлі кешірмелері, бәрі де Алланың қалауы, отырған ұшағында ақау пайда болуы, қара түнде дауылға тап болып бағытынан адасуы, қара түнде жалғыз әлсіз жарықты көріп келіп, есік қағып көмек сұрауы, ашығып шөлдеп тұрғанда оның жылы қарсы алынуы, бәрі де Алланың қалауы, енді көріп тұрғаны Алланың оған бұйырған міндеті. Сағид дәрігер жасын тиып: Алла дұғаңызды қабыл етті. Мен сол Сағид дәрігермін. Бұл баланың барлық емделуі мен ақысына мен жауапты боламын.-деді.

http://www.norislam.com/?viewnews-16001

Aishynar  ShomishbaiAishynar Shomishbai
9 жыл бұрын 5390
4 пікір
Блог туралы
0
8286 45 93 77 61