Екі ағаш, қайсысын кесесіз?
Екі ағаш, қайсысын кесесіз?

Қарт профессор: - Тауға шығып ағаш кеспекші болдың, алдыңнан екі ағаш кездесті, біреуі жуан, енді бірі жіңішке, қайсысын кесесің?

Сұрақ қойлысымен көпшілік жапа тармағай: - Әрине жауанын, - деп жауап берді.

Профессор жымиып: - Жуаны қарапайым терек, ал жіңішкесі қызыл қарағай, енді қайсысын кесесіңдер?

Қызыл қарағайдың бағалы екенін ойлаған біз: - Әрине қызыл қарағай, терек ақшаға жарамайды - дедік.

Профессор сол мейірімді жүзінен жазбай: - Терек тіп-тік өскен, ал қызыл қарағай қисық-қисық. Қайсысын кесесіңдер?

Біз түсінбей, күмәнмен: - Егер ондай болса, онда терек кесеміз. Қызыл қарағай қисық-қисық ештеңеге жарамайды.

Профессор күлімдеп тұрды, тағы шарт қоспақ болар деп ойладық. Айтып-айтпай не керек: - Терек түп-түзу болғанымен, көп жылғы ағаш болғандықтан ортасы негізінен қуыс екен, енді қайсысын кесесіңдер?

Профессордың не ойлап тұрғанын бімесек те, оның берген шртына қарай ойыстық: - Онда қызыл қарағай, теректік ортасы қуыс болса тіптен жарамсыз.

- Бірақ қызыл қарағай ортасы қуыс болмағанымен, қисаюы сұмдық, кесуге тым қиын болады. Қайсысын кесесіңдер?

Біз неде болса оның қандай қорытынды шығармақ болғанын да ойланбастан: - Онда теректі кесеміз, екеуі де ерекше жарамды емес, әрине оңайын кесу керек. 

Профессор жалғастырып: - Бірақ теректің басында құс ұясы бар екен, ішінде бірнеше балапан жатыр. Енді қайсысын кесесің?

Ақыры біреу: - Профессор, сіз бізге нені айтпақсыз? Нені тексермексіз?

Профессор күлкісін жиып: - Сендер неге өздеріңнен, ағашты не үшін кесеміз деп сұрақ қоймадыңдар? Менің қойған шарттарым тоқтаусыз өзгеріп отырғанымен, нәтижесі сендердің бастапқа ниеттеріңе байланысты болады. Егер отындық алмақ болсаң, онда теректі кесесің. Егер мәнерлі бұйым жасамақ болсаң, қызыл қарағайды кесесің. Сендер әрине себептен-себепсіз балтаны арқалып тауға ағаш кесуге шықпайсыңдар ғой.

Бұл әңгіменің бізге айтпағы: бір адам, мақсаты айқын болғанда ғана, жұмысын жалғастыруда әртүрлі шарт-жағдай мен болмыстар оны шатастырмайды.

www.weibo.com

Aishynar  ShomishbaiAishynar Shomishbai
10 жыл бұрын 17109
3 пікір
Блог туралы
0
8286 45 93 77 61