Бұрында бір адам орманды таудың арасында өмір сүріпті. Бір күні түсінде, бір періште оны оятып, оған бір жұмыс жүктейтінін айтады. Содан оны есіктің алдына ертіп шығып, есігінің алдындағы зіл қара тасты көрсетіп: - Қара, есігіңнің алдында зіл қара тас тұр, сенің жұмысың күнде осыны бар күшіңмен итеру.
Содан бастап ол адам еш салғырттық жасамай, күнде таңнан кешке дейін бар күшімен зіл тасты итерумен болды. Күндер өтті, жылдар жылжыды, еш үзіліс жасамады, күнде кеште белі талып, денесі ауырады. Барған сайын мәнсіз сияқты сезіледі. Көп жыл өтті, зіл тас әлі орнында, тіпті еш жылжымаған, түк жетістікке жетпедім деп ойлады.
Көңіл күйінің ең бір құлазыған кезінде, түнде тағы бір түс көрді, бұл жолы мейірімді адам кейпіне енген қайырымсыз жынды көрді. Жын оған: - Сен ол тасты қаншама жылдан бері итеріп келесің, ол тас аз қозғалды ма? Бұның құр әурешілік, күшіңді сарп ету емес пе?!
Жын оған ақылдырақ болуын айтып, миына су кірмеген шығар, біреу еш жетістікке жетпейтін, еш қайтарымы жоқ бұл жұмысты саған жүктеп ақымақ қылған ғой. Қаншама қымбат уақытыңды сарп еттің, одан да сыртқа барып жұмыс жасап, ақша тауып, неше күн жақсы өмір сүріп, өмірдің қызығын көрмейсің ба?!
Соңында ол басқа бір жұмысты үйренуін, аз күш жұмсап, көп демалуын ұсыныс етеді. Зіл тас бәрі бір қозғалмаса, қанша істеп жатқаныңды да ешкім байқамайды - дейді.
Осыдан кейін, бұл адам көп құлшылық жасап, түсінде періштені қайта көруін тілейді. Бір күні түнде, періште оның түсіне енеді, оның шағымын тыңдайды: - Осышама жылдан бері мен адал болдым, бар күшіммен зіл тасты итерумен болдым, ұқыпсыздық танытпадым, әлі күнге дейін еш жетістігім жоқ, тас еш қозғалмаған. Әлде мен қате істедім ба?
Періште ерекше ілтипатпен оған: - Досым менің, кезінде саған жұмысты табыстағанда, тек итерсең болды дегенмін, бір мөлшерге, қанша қашықтыққа жылжыт демеген едім. Сен толықтай түсіндің, және уәдеңді бердің. Бүгін маған еш жетістік көрмедім деп шағымданасың. Шындығында, осы жылдарда сен көп өзгердің. Жасың өсті, денсаулығын бұрынғыдан да жақсы, күнге қарая күйіп, білегін мен саныңа шымыр бұлшық еті шықты, мінезің де бұрыннан қарағанда салмақты, сабырлысың. Өмірдің машығы сені бұрынғыңнан қиыншылыққа төзімді етті.
Періште: - Расымен де, бұл жылдары зіл тас сенің итеруіңмен еш қозғалған емес, бірақ ол сенің міндетің емес, ол Алланың маған берген міндеті, уақыты келгенде орнынан қозғалады. Бұл іс сен екеуміз түсініп болмайтын, Алланың парасаты. Бұл міндет – сен екеуміздің адалдығымызды және шыдамдылығымызды сынайтын сынақ, содан кейін Алладан қайтарымын күту.
http://www.norislam.com/?viewnews-15943