Аятуль күрсінің лингвистикалық кереметі


 

 

Аятуль күрсі тоғыз сөйлемнен құралған:

 

اللَّهُ لاَ إِلَـهَ إِلاَّ هُوَ الْحَىُّ الْقَيُّومُ 

Алла (Т.), Одан басқа еш тәңір жоқ. Ол тірі, толық меңгеріп тұрушы,(1)

لاَ تَأْخُذُهُ سِنَةٌ وَلاَ نَوْمٌ

Ол қалғымайды да ұйықтамайды.(2)

لَّهُ مَا فِي السَّمَـوَاتِ وَمَا فِي الاٌّرْضِ

Көктердегі және жердегі нәрселер Оған тән.(3)

مَن ذَا الَّذِى يَشْفَعُ عِندَهُ إِلاَّ بِإِذْنِهِ

 Оның құзырында өзінің рұқсатынсыз кім шапағат етеді?(4)

يَعْلَمُ مَا بَيْنَ أَيْدِيهِمْ وَمَا خَلْفَهُمْ

Олардың алдарындағыны да, арттарындағыны да біледі.(5)

وَلاَ يُحِيطُونَ بِشَيْءٍ مِّنْ عِلْمِهِ إِلاَّ بِمَا شَآءَ

Олар, Оның қалауынан басқа еш нәрсе білмейді.(6)

وَسِعَ كُرْسِيُّهُ السَّمَـوَاتِ وَالاٌّرْضَ

Оның күрсісі (білімі) көктер мен жерді сыйдырады.(7)

وَلاَ يَؤُودُهُ حِفْظُهُمَا

Оған, ол екеуін қорғау ауыр келмейді.(8)

وَهُوَ الْعَلِىُّ الْعَظِيمُ

Және Ол, өте биік, аса зор.(9)

           

Бірінші сөйлем Аллаһтың екі көркем есімімен аяқталады.

Алла (Т.), Одан басқа еш тәңір жоқ. Ол тірі, толық меңгеріп тұрушы,(1)

الحي Мәңгі тірі, Ол мәңгі өмір сүреді, мәңгі болды және мәңгі болады. Оның тірі болуының басы да, соңы да жоқ;

القيوم Бәрінің үстінде тұрушы. Әрбір заттың үстінен қарайласып оған Қамқоршы болып тұрады. Әр нәрсе тек Аллаһ тағаланың қалауымен тұрады. Өздігінен мықты тұрушы.

Енді бір кереметі соңғы сөйлем де Аллаһтың екі көркем есімімен аяқталады.

Және Ол, өте биік, аса зор.(9)

العلى Өте биік, Жоғары, Мәртебелі. Адамдардың сезім, сана және басқа қабілетіне келетін бейнелерден тыс, одан жоғары. Ол әр уақытта биіктікте.

العظيم Аса зор, кеңшілік Иесі, Мәртебелі, Ең Ұлы. Оның мәртебесінің басы да, соңы да жоқ.

Енді екінші сөйлемге келсек, екінші сөйлемді айтпас бұрын сіздерге күзетші туралы айтсам. Күзетшінің жұмысы өте қиын, 8, 12 сағаттап бір жерді күзету адамды жалықтыратына анық, адам шаршайды, демалғысы келеді, қалғып та кетуі мүмкін. Аллаһ өзі жайлы (Ол қалғымайды да ұйықтамайды.(2)) деп айтты. Яғни тек жаратылғандар ғана шаршайды, демалады, қалғиды, ұйықтайды.

Артынан санағанда екінші сөйлем, (Оған, ол екеуін(көк пен жерді) қорғау ауыр келмейді.(8))Қарап тұрсаңыз бұл екі сөйлем де байланысты. Яғни Аллаһ үшін көк пен жерді және оның арасындағыны қорғау оған ауырлық етпейді, ол жаратылғандардай шаршамайды да, қалғымайды да, ұйықтамайды.  

Келесі сөйлемді айтпас бұрын Иегер мен Патшаның айырмашылығын біліп алсақ. Қолыңызда қалам болса, сіз сол қаламның иегерісіз, (яғни мүліктің иесісіз,) қаламға: мен сенің патшаңмын , деп айтпайсызғой))). Демек сіз ұсақ заттарға иегер бола аласыз, мысалы машинаға, баспанаға деген сияты, бірақ оларға патшалық ете алмайсыз. Патшалық үлкен затқа қаратылған. Иегер ол мүлікке, затқа байлынысты. Патшалық бір елді мекенге иелік етеді. Иегер затты басқарса, патша адамдарды басқарады.

Үшінші сөйлем (Көктердегі және жердегі нәрселер Оған тән.(3)).

Бұл жерде Аллаһтың مالك الملك (Мүліктердің Патшасы. Иелігі өте зор. Байлық қазынаның барлығы, күллі мүлік Оның қолында.) Иегерлік сипаты бейнеленіп тұр. Яғни көктегі және жердегі барлық жеке заттар Оған тән.

Артынан санағанда үшінші сөйлем, (Оның күрсісі (білімі) көктер мен жерді сыйдырады.(7)). Аллаһ күрсісі туралы айтқанда Патшалығы жайлы айтылды.

الملك  Патша, Ол қалай басқарам десе де Өзі біледі. Оған кеңесші керек емес. Оған барлығы тәуелді. 

Енді иегер мен патшаның тағы бір айырмашылығын айтсақ. Бір аралдың патшасы болдыңыз делік, аралға патша болғаныңыз ол жердегі барлық затқа иегерлік ете аласыз деген сөз бе? Жоқ. Ал енді біреу мол мүлікке иелік етер, бірақ ол патша емес. Бірақ Аллаһ көк пен жердегі барша мүлікке Ие, және көк пен жердегі баршаға Патшалық етеді.

Оның құзырында өзінің рұқсатынсыз кім шапағат етеді?(4)

Олар, Оның қалауынан басқа еш нәрсе білмейді.(6)

Бұл екі сөйлем Аллаһтың рұқсаты және қалауы жайлы айтуда.

1-9, 2-8, 3-7, 4-6 сөйлемдерін айтып өттік. Енді ортасындағы сөйлем қалды. Олардың алдарындағыны да, арттарындағыны да біледі.(5). Немесе Ол бұл аяттың басында келген сөйлемдерді және артынан келген сөйлемдерді біледі. СубханАллаһ.

(ps: Бұл жоғарыдағы Nouman Ali Khan кескінiнен аударылды, баспа бас аудару емес, кей үзінділерін аудардым, толық болмаса да жалпы мазмұнын қамти алады деп ойладым, қате кеткен, толықтыру керек жерлері болса түзетіп толықтыруларыңызды өтінемін.)

 

Төмендегі сайттардан да мәліметтер алынды:

1. http://kuran.kz/sureler/2

2.http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%90%D0%BB%D0%BB%D0%B0%D0%BD%D1%8B%D2%A3_%D0%B5%D1%81%D1%96%D0%BC%D0%B4%D0%B5%D1%80%D1%96

3.https://www.youtube.com/watch?v=fi0zVFvMs48&index

Aishynar  ShomishbaiAishynar Shomishbai
10 лет назад 8741
1 комментарий
О блоге
0
8286 45 93 77 61