Имам Ғазали мен шәкірті арасында сұрақ жауап (үзінді)
Имам Ғазали мен шәкірті арасында сұрақ жауап (үзінді)

1. Ең жақын

Ұстаз: Өмірімізде бізге ең жақын не?

Шәкірт: Ата-ана, ұстаз немесе достарымыз.

Ұстаз: Ол өлім, өлім кез-келген уақытта келеді. Әр тіршілік иесі өлімнің дәмін татады.

 

2. Ең алыс

Ұстаз: Бізге ең алыс не?

Шәкірт: Ай, Күн немесе жұлдыздар.

Ұстаз: Ол өткен шағымыз. Өткен ғұмырымыз үшін, қанша талпынсақ та қайта қуып жетпейміз.

 

3. Ең үлкен

Ұстаз: Дүниеде ең үлкен не?

Шәкірт: Биік тау немесе мұқит.

Ұстаз: Ол албырттық (желікпелік). Ол адамды тозақтың ең түбіне итереді.

 

4. Ең ауыр

Ұстаз: Жер жүзінде ең ауыр не?

Шәкірт: Піл немесе болат (темір).

Ұстаз: Ол досыңның аманаты және сенімі.

 

5. Ең жеңіл

Ұстаз: Ең жеңіл не?

Шәкірт: Самал жел, тозаң немесе мақта.

Ұстаз: Ол намаз оқымау. Жұмыс, оқу, кез келген сылтауды айтып намаздан бас тарту.

 

6. Ең өткір

Ұстаз: Ең өткір не?

Шәкірт: Пышақ немесе қылыш.

Ұстаз: Ол сөйлеген сөз. Бір ауыз сөз достар арасындағы махаббатқа өшпес сызат қалдыра алады.

http://www.norislam.com/?viewnews-15960

Aishynar  ShomishbaiAishynar Shomishbai
10 лет назад 3850
1 комментарий
О блоге
0
8286 45 93 77 61