Қарызға бермеймін
Қарызға бермеймін

Ауылда адамдарға құрметті бір ұстаз базарға шығып жаймасын жайып, құрма сатады. Ертемен ашылған базар, көп уақытқа дейін ешкім келіп сауда жасамайды. Кенет бір әйел келіп жаймадағы әртүрлі құрмаларға қарай бастайды. Ұстаз сауда жасайтын болдым-ау деп құрманың сапасы жақсы, бағасы да қалыпты екенін айта бастайды. Әйел басын шайқап: - Шынымен жақсы құрма екен, бірақ мен ақша алмай шығып едім.

Болайын деп тұрған саудадан қол үзіп қалмайын деп: - Ештеңе етпейді, қай күні өзіңізге ыңғайлы болса, әкеліп берсең болғаны. Балаларыңыз да құрма жеп жырғап қалсын, қарызға бере аламын. Бұл шынымен жақсы құрма, сенбесеңіз татып көріңіз.

Әйел: - Оразамын, тата алмаймын.

Ұстаз: - Оразасы несі? Рамазан өтіп кеткелі жарты жыл болған жоқ па?

Әйел: - Иә, шынымен оразамын. Рамазан кезінде, бір күн ораза қарыз болып едім, енді өтеп жатырмын. Ақшаны басқа күні әкеліп беруіме қосылсаңыз, бір кило беріңіз. Анау іштегі қарасынан берсеңіз.

Ұстаз: - Болды ұмыт. Қарызға бермеймін. Аллаға қарызыңды жарты жылда әрең есіңе түсіріп қайтарып жатырсыз. Бүгін маған қарыз болсаңыз, қай күні есіңізге түсіп қайтарарыңызды кім білсін?! 

http://www.norislam.com/?viewnews-15913

Aishynar  ShomishbaiAishynar Shomishbai
10 лет назад 3886
1 комментарий
  • намаз уақыты кірсе де жайбарақат отыратын, әлденуақыттан кейін барып оқитын жігіттерге сабақ болса игі еді бұл жазбаңыз
    10 лет назад
О блоге
0
8286 45 93 77 61