Сан жинақ

Бір дегенім Бір Аллаһ

         Аллаһ Тағала Құранда: (Иә Мұхаммед) оларға айт: Ол Алла жалғыз.(112:1)

 

Екі дегенім екі дүние(Осы дүние және ахирет)

         Ислам тек дін ғана емес, одан да маңыздысы ол ақылға саятын, кемелденген өмір жүйесі, екі дүниені де қарастырады. Пайғамбарымыз (с.а.с): ертең өлетіндей осы дүние үшін еңбек ет; мәңгі өлмейтіндей ахирет үшін амал жаса.

 

Үш дегенім үш қасиетті мекен

         Пайғамбарымыздың(с.а.с) туған жері Меккедегі әл-Харам мешіті(мұсылмандардың намазда бет түзер қыбыласы, Алланың үйі, бейбіт берекелі мекен.); Пайғамбарымыз(с.а.с) миғражға көтерілген Иерусалимдегі әл-Ақса мешіті(бұл жерде көптеген Пайғамбарлар өмір сүрген: Дауіт (а.с), Мұса(а.с), Иса(а.с).); Пайғамбарымыздың(с.а.с) хижрет жасап(көшіп) барған Мадинадағы Пайғамбарымыздың(с.а.с) мешіті.

 

Төрт дегенім төрт кітап

         Еврей тілінде Мұса пайғамбарға түскен <Таурат>, көне Сирия тілінде Иса пайғамбарға түскен <Інжіл>, Грек тілінде Дәуіт пайғамбарға түскен <Забур>, Арап тілінде Пайғамбарымызға(с.а.с) түскен <Құран>.

 

Бес дегенім бес парыз

         Кәлима Шәһәдәт айтып иман ету, намаз оқу, ораза ұстау, зекет беру, қажыға бару. Бұл Исламның шарттары.

 

Алты дегенім Иманның алты негізі

  1. Аллаһқа иман келтіру
  2. Періштелерге иман келтіру
  3. Қасиетті кітаптарға (ҚұранІнжілТәуратЗабур) иман келтіру
  4. Пайғамбарларға иман келтіру
  5. Ақырет күніне иман келтіру
  6. Тағдыр мен қазаға иман келтіру

 

Жеті дегенім жеті қат көк

         Аллаһ Тағала Құранда: Ол сондай Алла, жер жүзіндегі барлық нәрселерді сендер үшін жаратты. Сонан кейін аспанға көңіл бөліп оны жеті қабат көк етіп тәртіптеді. Ол әр нәрсені толық білуші. (2:29) (http://kuran.kz/sureler/2)

 

Сегіз дегенім төмендегі сегіз түрлі адам

         Зекет берілетін адамдар. Аллаһ Тағала Құранда: Шын мәнінде садақалар (зекеттер), Алла тарапынан бір парыз: Қолы тар пақырларға, түгі жоқ міскіндерге, оны жинауға белгілегендерге, көңілдері алынатындарға (жаңа Мұсылмандарға), құлды азат етуге, борыштыларға, Алла жолына және жолда қалғандарға беріледі. Алла әр нәрсені білуші, хикмет иесі. (9:60)( http://kuran.kz/sureler/9)

 

Тоғыз дегенім тоғызыншы ай

         Ислам жыл санауы бойынша тоғызыншы ай, осы айда Құран түсіріле бастаған, сонымен қатар бұл айда бес парыздың бірі Ораза өтеледі. Аллаһ Тағала Құранда: Рамазан айы сондай бір ай, ол айда адам баласына тура жол және (ақ пен қараны) айыратын дәлел түрінде Құран түсірілді. Сендерден кім рамазан айында болса, ораза ұстасын. (2:185)( http://kuran.kz/sureler/2)

 

Он дегенім он періште

  • Жәбірейіл (араб.: جبريل‎): Пайғамбарларға уахи мен қасиетті кітаптарды әкелуші ең үлкен періштелердің бірі.
  • Микәил (араб.: ميكائيل‎): Төрт үлкен періштенің бірі, қызметі жер бетіндегі мақлұқаттар мен тіршілік атаулының ырыс несібесі мен ауру, шипа, рахмет, берекет секілді жайттарды адамдарға жеткізу.
  • Исрафил (араб.: إسرافيل‎) — Исрафилдың (а.с.) қызметі Сұрды (сырнай) үрлеу
  • (Әзірейл)Мәләк ул-мәут (араб.: ملك الموت‎) — тіршілік атаулының жанын алатын періште.
  • Киромән катибин — әрбір адамның бұл дүниеде істеген ісін айна қатесіз жазып отыратын екі періштеге берілген есім.
  • Мункәр мен Накир (араб.: منكر و ناكر‎) — бұл екі періште дүниеде дәм тұзы бітіп, қабірге барған адамнан сұрақ алу қызметін атқарады.
  • Хәмәлә ул-арш — Аллаһтың жаратқан нәрселерінің ең үлкені Аршты тасушы 8 періштеге берілген есім.
  • Ридуан (араб.: رضوان‎) — Жәннәттағы періштелердің басшысы. Малик жәһәнәмдағы періштелердің басшысы. (ps: бұдан басқа періштелер де өте көп). (http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%98%D1%81%D0%BB%D0%B0%D0%BC

http://www.muslimwww.com/html/2015/xinyang_0413/26658.html

Aishynar  ShomishbaiAishynar Shomishbai
10 лет назад 4296
0 комментариев
О блоге
0
8286 45 93 77 61