Тастың астына басылған садақа және қабырғадағы кофе
Тастың астына басылған садақа және қабырғадағы кофе

Османлы империясы кезінде мешіттерде бір тас қойылады екен. Садақа беретін адам ақшасын сол тастың астына қойып кетед, керек қылған адам сол жерден алып кете беретін болған, беруші мен алушы бір бірін танымайды да, бімейді де. Бұл қабырғадағы кофемен әуені басқа болғанмен, сипаттары сәйкес келетін сияқты......

 

Бір күні, досым екеуміз Лос-Анджелестің аты шыққан кофеханасының бірінде кофе ішіп, әңгімелесіп отырдық. Осы кезде біреу кіріп келіп, қасымыздағы үстелге жайғасты.

 

Ол даяшыны шақырып: Екі кофе, біреуі қабырғаға. –деді. Оның тапсырыс беруі басқаша еді, біз оған тек бір кофе әкелінгенін, бірақ ол екі кофенің ақшасын төлегенін байқадық. Ол кете салысымен, даяшының бір қағазды қабырғаға жабыстырды, қағазды: бір стакан кофе,- деген жазу бар.

 

Тағы екі адам кірді, үш кофе тапсырыс берді, екеуі үстелге, біреуі қабырғаға деді. Екі стакан кофелерін ішіп, үш стакан кофенің ақшасын төлеп, олар да кете берді. Даяшы бағанағыдай қабырғаға қағаз жапсырды.

 

Бұл осы жердің дәстүрлі әдеті сияқты, бірақ бізді таң қалдырды. Бірақ өзімізге қатысы жоқ болған соң, кофені ішіп, ақшамызды төлеп, кетіп қалдық.

 

Неше күннен кейін, бізде сол кофеханаға тағы баруға орай болды. Кофемізді енді аузымызға ала бергенде біреу кіріп келді. Бұл адамның киім киісі кофехананың дәрежесіне, ортасына мүлдем сәйкес емес еді, кедей екені көрініп тұр. Ол отырып, қабырғаға қарады да, қабырғадағы бір кофе деді. Даяшы өзінің әдеттегі қалпымен ілтипатпен оған кофе ұсынды.

 

Ол адам кофе ішіп болып, ақша төлемей кетіп қалды, біз әлі таң-тамаша болып осының бәрін көріп отырдық. Даяшы қабырғадан бір қағазды жыртып алып, қоқысқа тастады. Енді бәрі түсінікті, жергілікті халықтың кедейлерге деген құрметі біздің көздерімізге жас толтырды.

 

Кофе қоғамның негізгі қажеттілігі емес, күнделікті зәрулігі де емес, бірақ біз көркем нәрселермен рахаттанғанымызда, басқаларды да еске алуымыз керек сияқты, кейбіреулер де бұл заттарды жақсы көреді, бірақ ақшысын төлеуге шамалары келмейді.

 

Даяшыны айтсаңызшы, ол кедейге қызмет еткенде күлімсіреген жүзінен танбады. Ал кедей кіргенде де, өзін қор санамай ақ, қабырғаға қараса болғаны.

 

Артық ақша төленген кофе, яғни қосалқы кофе, сен ақшасын төледің, бірақ кім оны ішетінін білмейсің. Бұл махаббат пен мейірімге толы дүние. (Адамдар алдын ала кофе сатып алып, төлей алмайтындарға жылулық сыйлауда.)

 

 

http://www.muslimwww.com/html/2015/xinyang_0512/26902.html

Aishynar  ShomishbaiAishynar Shomishbai
10 лет назад 4242
5 комментариев
О блоге
0
8286 45 93 77 61