Екі көрші

Екі көрші, бірі мұсылман, бірі христиан. Екеуі кездескенде ылғи да Ислам жайлы талқыласады. Бұл мұсылман ерекше ықыласты, ол әрдайым христиан көршісіне Исламды насихаттайды. Уақыт өте келе, бұл христиан Исламның ақиқаттығын түсініп, бет бұрып, Исламға сенеді.

Бір күн сәресі уақыты, жаңадан Исламды қабылдаған христианның есігін біреу қағады, ол шошып: - Бұл кім? - деді. 

Сырттағы адам: - Мен саған Исламды насихаттаған мұсылман көршіңмін дейді.

- Таңсәріде не жұмысың бар?

- Тез тұрып дәретіңді ал, сосын киініп менімен бірге мешітке барып намаз оқы.

- Бұл жаңа мұсылман өмірінде бірінші рет дәрет алуы, дәрет алып болып мұсылман досымен бірге мешітке барып намаз оқыды. Бұл кез таң намазына әлі біршама уақыт бар еді, мұсылман досымен бірге нәпіл намаз оқыды, ұзақ оқығанда барып көкжиек бозара бастады. Ол екеуі таң намазын оқыды. Таң намазынан кейін тағы дұға жасап, күн ағарғанша отырды. Жаңа мұсылман орнынан тұрып, үйіне бет алды. Оның мұсылман досы: - Қазір қайда бармақсың? - деп сұрады. 

- Таң намазын оқып алдық, басқа жұмыс жоқ, үйіме қайтайын.

- Тағы біраз шыдай тұр, таң намазынан кейін Алланы көп зікір ету керек. Күн шыққан соң үйіңе қайт.

- Жарайды онда. 

Жаңа мұсылман қайта отырып күн шыққанға дейін дұға жасады.Шыдамы таусылып, орнынан тұрып үйіне қайтпақ болды. Оның досы оған тағы: - Қазір тез Құран оқы, күн біраз көтерілгенге дейін, содан үйге қайт, негізі бүгін ораза ұстап алсаң болады, оразаның сауабы мол екенін білмеуші ма едің?

Ақырындап күн түс болды,

Оның мұсылман досы тағы: - Сәл шыдай тұр, бесін уақытына аз қалды, бірге мешітте бесінді оқып алып, сосын қайтайық.

Бесін оқып болған соң оның досы тағы: - Тағы сабыр ете тұр, аздан соң екінті намазының ең қымбат уақыты болады, бірге екінті оқып алсақ тіпті жақсы емес пе?!

Екінтіден кейін, оңың досы тағы: - Ауыз ашар уақытқа аз қалды. Деп оны ақшам уақытына дейін қалдырды. Бұл жаңа мұсылман ақшамнан кейін үйіне қайтып ауыз ашар ішкісі келді. Оның мұсылман досы тағы оған: - Енді құптан ғана қалды, бір сағаттай сабыр етсең, құптан оқып алып үйге қайтамыз деді.

Құпта намазын оқып болып жаңа мұсылман досын күтпестен үйіне қайтып кетті.

Екінші күн таңсәріде, ол тағы біреудің есігін қағып жатқанын естіді: - Кімсің?

Сырттағы адам: - Көршіңмін, тез киініп менімен бірге мешітке бар.

-  Кеше қайтып келген соң-ақ сенің дініңді тәрк еткенмін. Сен алдымен менен бос уақыты көп, күні бойы істеуге жұмысы жоқ адамды тауып, сомен бірге мешітте күні бойы намаз оқы. Ал, мен кедей адаммын, күнде сыртқа шығып жұмыс істеп жанұямды бағу керекпін - деді.

Имам әңгімені айтып болып шәкірттеріне: - Бұл “ықыласты” мұсылман христианды Исламға насихаттап кіргізді, бірақ қайтадан оны Исламнан 'шығарды'. Сондықтан абай болыңдар, адамдарға өте қатаң болмаңдар, оларды Исламнан қашуға “мәжбүрлемеңдер”.

 www.yslzj.com

Aishynar  ShomishbaiAishynar Shomishbai
9 жыл бұрын 4021
2 пікір
Блог туралы
0
8286 45 93 77 61