Ең құнды алтын адам
Ең құнды алтын адам

Ертеде Қытай еліне басқа бір елден елші келіпті. Өзімен бірге жарқырап тұрған үш кішкентай алтын адам ала келіп, Қытай патшасына сыйлап, патшаны ерекше риза етіпті.

 

Бірақ бұл елші сонымен қатар бір сұрақ қойыпты: бұл үш алтын адамның қайсысы ең құнды?

 

Уәзірлер ары қарап, бері қарап, бұның мәнісін таба алмапты. Соңында, бір карт уәзір үш сабан шөп алдыртады.

 

Бірінші алтын адамның құлағына шөпті салып еді, екінші құлағынан шығып кетті.

 

Екінші алтын адамның құлағына салып еді аузынан шығып кетті.

 

Үшінші алтын адамның құлағынан салып еді, ішіне түсіп кетті дағы, содан еш қыбыр білінбеді.

 

Уәзір патшаға: үшінші алтын адам ең құнды.-деді. Патша құптағандай болып бас изеп күлімсіреді.

 

Уәзір сөзін жалғастырып: әсілінде Жаратқан бізге екі құлақ бір ауыз бергенде, көп тыңдап аз сөйлесін деп берген. Жақсы тыңдаушы бола білу сол ең құндысы.

Біріншісі құлағынан кірген аялдамастан екіншісінен шығып кетті, сондықтан оның көп құны жоқ; екіншісінің құлағынан кірген дереу аузынан шығып кетті, оның да құны жоқ; ал үшіншісі құлағынан кірген, ішінде шіріп қалмақ, бұл ең құндысы.-депті.

 

http://www.hnsdedu.com/garden/soul/201105/25-7520.html

 

(ps: (мүлдем басқа тақырып) Егер сөз құлаққа жетіп жүрекке бармаса, ол сөз ауызбен айтылған; егерде сөз құлақтан өтіп жүрекке барса, ол сөз жүрекпен айтылған. Деген де сөз бар екен.)

Aishynar  ShomishbaiAishynar Shomishbai
9 жыл бұрын 4066
2 пікір
  • Ақпа құлақ, құйма құлақ деп сипаттаушы еді бұрын мектепте. Сондай ғой!
    Иа, жүректен шыққан сөз ғана жүрекке жетпек. Сонымен қатар, исламда алдымен өзің жаса, содан кейін адамдарға айт, сонда сөзің өтімді болып, басқаларға әсер етеді деген де түсінік бар.
    9 жыл бұрын
  • МашааАлла
    9 жыл бұрын
Блог туралы
0
8286 45 93 77 61