Рамазандағы дұғалар тізімі
Рамазандағы дұғалар тізімі

http://www.theidealmuslimah.com/2014/07/02/ramadan-dua-list-guidelines-tips-dua-suggestions/

Жоғарыдағы сілтемеден алынған кей дұға сөздер, ойлар (өз дұғаңызға осыларды қосқайсыз):

Жалпы үмметті қамту, олардың көріп жатқан қиыншылықтарын да дұғаға қосу.

Сириядағы, Египеттегі, Палестинадағы, Кашмирдегі, Шри-Ланка дағы мұсылмандарға дұға, т.б....

Жалғыз басты аналарға дұға.

Жесірлерге дұға.

Перзентке зар болған жұбайларға дұға.

Үйленуге талпынып жүрген бойдақ мұсылмандарға дұға.

Ауырып жатқан мұсылмандар. Қарызы бар мұсылмандарға дұға.

Фитнадан, Дажжал және тозақ отынан сақтауды тілеу.

Қияметте Пайғабарымыздың(с.а.с) қолынан Кәусәр бұлағының суын ішуді тілеу.

Ұрпағыңа, жұбайыңа, ата-анаңа, аға- бауыр туысқандарға дұға.

Байлығын Аллаһ жолына жұмсайтын бай болуды тілеу, қаһарына ұшырайтындардың қатарында емес.

Қызғаншақтық, көре алмаушылық, рақымсыздық, өшпенділік сияқты жаман ахлақтардан аулақ болуды тілеу.

Жалпы адамзатқа және жетімдерге дұға.

Білім және өмірдегі мақсаттарға жету үшін дұға.

Фирдаус жәннәты тілеу.

Пайғамбардың (с.а.с) көршісі болуды тілеу.

Үнемі кішіпейіл болуды, тура жолда болуды тілеу.

Өзің және жақсы көретіндерің үшін денсаулық тілеу.

Қажылыққа баруды тілеу.( немесе тағы баруға нәсіп етуін тілеу)

Психологиялық ауырумен күрескен мұсылмандар үшін дұға тілеу.

Рак ауыруымен ауырған мұсылмандар үшін дұға тілеу.

Қабыр азабының және өлімнің жеңіл болуын тілеу.

Сират көпірінен өткенде жарық жылдамдығымен немесе одан да тез болуын тілеу.

Сиқырдан және жаман көздерден сақтауды тілеу.

Жанұяның бекем болуын тілеу.

Осылармен қатар төмендегі екі сілтемедегі мұсылмандарды да дұғамызға қоссақ. Бірі жат дін немесе дінсіз болған қытайлардың елінде өмір сүріп жатқан мұсылмандар, олардың ғибадаттарын жасауға қытайлар барынша кедергілер, тосқауылдар жасауда. Енді бірі дүние жүзінде әлі де қараңғылығы басым елдерде өмір сүріп жазықсыз жәбір көріп жатқан әйелдер қауымы.

http://islam.kz/kk/news/alem/oraza-ustauga-tyiym-saldy-2567/#gsc.tab=0

http://islam.kz/kk/news/alem/aielderi-sormandai-bolgan-elder-foto-2575/#gsc.tab=0

«Раббымыз! Бізге дүниеде де жақсылық бер әрі ақыретте де жақсылық бер. Және тозақ отының азабынан сақта!»(2:201)

Қасиетті Рамазанда жасаған барша дұға тілектеріңіз қабыл болсын!!!

Aishynar  ShomishbaiAishynar Shomishbai
9 жыл бұрын 34837
2 пікір
Блог туралы
0
8286 45 93 77 61